ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Қызылорда облысы бойынша департаменті

"Жастар кадрлық резерві" жобасының үшінші кезеңіне өткен үміткерлер тізімі белгілі болды. Толығырақ...    «Жастардың кадрлық резерві»  жобасының "Оқыту кезеңі" курсының бағдарламасы. Толығырақ...

nivo nivo

ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІНІҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ӨТКЕН ҮМІТКЕРЛЕР ТІЗІМІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net
demo

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың,  лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де  лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа байланысты  (сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық), Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 18 қарашасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында ескерілген, сонымен қатар басқа да заңда бекітілген сыбайлас жемқорлық немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасайтын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті еліктіретін іс-әрекетке байланысты тәртіптер. 

 Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.

Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полициясы арқылы жүзеге асыралады.

Жемқорлық заң бұзушылық фактілер болған жағдайда азаматтар мемлекетке 1424 тегін call-центр арқылы хабарлай алады. Жемқорлық заң бұзу фактілерін хабарлаған, немесе қандайда болмасын басқа әдіспен мемлекетке жемқорлықпен күресуге үлесін қосқан тұлғалар 30 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін мөлшерде материалды ынталандырылатын болады.

Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске ат салысқан тұлға мемлекет қорғауында болады. Жемқорлықпен күреске көмек берген тұлға туралы ақпарат мемлекеттік болып табылады. Бұл ақпаратты жариялаған тұлға Қазақстан Республикасының «Сыбайластық жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен бекітілген жауапкершілікке тартылады.
Қажет болған жағдайда, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін органдар жемқорлыққа қарсы күреске ат салысқан тұлғаның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Құқық қорғау органында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер, жемқорлықпен күрес жүргізуші органға басқа құқық қорғау органына қатысты жемқорлық қылмыс туралы жалған ақпарат беретін болса, құқық қорғау органының қызметкері тәртіп бойынша қызметінен босатылады немесе жемқорлықпен күрес жүргізетін органның ұсынуы бойынша сәйкес функцияларды орындаудан босату жолымен жауапқа тартылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІЗГЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ҚОСЫЛ

    

Байланыс

 

Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі,1.

Индекс:                 050000

E-mail:                   goskzl@mail.ru

Телефон:              70-30-40

Кері байланыс

Обратная связь

Ваше сообщение было успешно отправлено